"Астана" екінші ойында да "Маккабидің" мысын басты

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" екінші ойында да "Маккабидің" мысын басты
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасында ел абыройын асырып жүрген "Астана" футбол клубы Израильдың Нетания қаласында "Маккаби Тель-Авивті" 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жеңіс голын Патрик Твумаси соқты.

БӨЛІСУ

Командалар бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері бірнеше рет есеп ашуға мүмкіндік алған. Ненад Эрич допты қайтара білді. Тіпті бір рет қарсыласы ойыншысымен бетпе-бет шыққан сәтте де қырағылық танытты.

56 минутта Патрик Твумаси гол соққан еді. Алайда поляк төрешісі Павел Рачковски голды есепке алмады. "Астана" футболшысын ойыннан тыс қалды деп шешті. Десе де араға бірер минут сала Патрик кезекті рет "Маккаби" қақпасын дәл көздеді. Абзал Бейсебековтің асырған тамаша пасынан кейін допты Предраг Райкович қақпасында тулатты.

Одан кейінгі аралықта есепте өзгеріс болған жоқ. "Астана" 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды. Ал жалпы төрт турдан кейін 7 ұпаймен "А" тобында екінші орында келеді.

Прагада "Славияны" 2:0 есебімен ұтқан "Вильярреал" топта бірінші тұр. Чех командасында 5 ұпай бар. "Маккаби Тель-Авив" 1 ұпаймен көш соңында келеді.

"Астана" келесі ойынын 23 қараша күні елордада "Вильярреалға" қарсы өткізеді.

Айта кетейік, екі апта бұрын "Астана" "Маккаби Тель-Авивті" өз алаңында 4:0 есебімен ұтқан болатын.

"Маккаби" — "Астана" 0:1 (0:0)
Гол: 
Твумаси 57 (0:1)
Ескертулер: Шенфельд 66 — Тағыберген 39
"Маккаби": Райкович, Бабен, Кьяртанссон, Блэкмен (Ацили 77), Йейни, Атар (Шенфельд 65), Тиби, Рикан, Давидзаде, Баттокьо, Даса (Миха 65)
"Астана": Эрич, Шомко, Шитов (Аничич 88), Постников, Малый, Бейсебеков, Тағыберген (Мужиков 72), Маевский, Твумаси, Томасов (Муртазаев 74), Кабананга
Бас төреші: Павел Рачковски (Польша)
2 қараша. Нетания. "Нетания".