Барнетт Жақияновпен өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

Барнетт Жақияновпен өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді
Фото: Matchroom Boxing

WBA (Super) және IBF чемпиондық атақтарына ие болған британдық боксшы Райан Барнетте  Жанат Жақияновпен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белфастта өткен бокс кешінде британдық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Жекпе-жек соңынан Барнетт денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы  The Times тілшісі Рон Льюис twitter желісінде жазды.

Айта кетейік, Райан Барнетт 2012 жылы денсаулығын байланысты спорттық мансабын аяқтауына шақ қалған. Ми қантамырларының бітелуі спортшы өміріне айтарлықтай қауіп төндірген еді.

Жанат Жақияновтың тексерілу үшін ауруханаға барғаны жайлы ақпарат жоқ. Негізінен көп боксшылар жекпе-жектен кейін емханаларға барып тексеріледі. Мәселен, АҚШ-тың атлетикалық комиссиясы нокаутқа түскен боксшыларды тексеруден өтуін міндеттеген. Сондай-ақ 90 күн шамасында спарринг және жекпе-жек өткізуге тыйым салады.

Ө. Сансызбай