Футболдан Қазақстан құрамасы Румыниядан ұтылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Румыниядан ұтылды
Фото: vesti.kz

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния футболшыларынан ұтылды. Плоешти қаласында өткен ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Румыния құрамасы бірінші таймда-ақ есепте басымдығын танытып шықты. 33 минутта Константин Будеску есеп ашты. Араға 5 минут сала шывейцариялық төреші Сандро Шерер Стас Покатилов қорғаған қақпаға пенальти белгіледі. Бұл тұста бас төреші Роман Мұртазаевты ереже бұзды деп таныды. Нәтижесінде 11 метрлік айып соққысынан Константин Будеску мүлт кетпей, дубль орындады.

Екінші таймда Клаудио Кешерю румындардың ойындағы үшінші голын соқты. 82 минутта Бауыржан Тұрысбек баспен гол соғып, есепті қысқартты. Одан кейінгі уақытта гол тіркелмеді.

Топтағы 9 ойын қорытындысы бойынша Польша құрамасы 22 ұпаймен көш бастап келеді. Қазақстан құрамасы 2 ұпаймен соңғы орында қалды. Іріктеу кезеңінің соңғы ойынын 8 қазан күні Астанада Армения құрамасына қарсы өткізеді.

Бүгін өткен ойындар қорытындысы бойынша Ресейде өтетін әлем чемпионатына Германия мен Англия құрамалары жолдама алды.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

«C» тобы

Солтүстік Ирландия - Германия - 1։3
Голдар: Джош Мадженнис, 90+3 - Себастьян Руди, 2, Сандро Вагнер, 21, Джошуа Киммих, 86

Сан-Марино - Норвегия - 0:8
Голдар: Маркус Хенриксен, 8, Джошуа Кинг, 14 (пен), 17, Мохамед Эльюнусси, 39, 48, 68, Оле Сельнес, 58, Мартин Линнес, 86

Әзірбайжан - Чехия - 1:2
Голдар: Исмаилов, 55 (пен) - Ян Копиц, 35, Антонин Барак, 66

«F» тобы

Англия - Словения - 1:0
Гол: Харри Кейн, 90+4

Шотландия - Словакия - 1:0
Гол: Мартин Шкртел, 89 (автогол)
Ойыннан қуылды: Роберт Мак, 23 (Словакия)

Мальта - Литва - 1։1
Голдар:Андре Агиус, 23 - Выкинтас Сливка, 53

«E» тобы

Черногория - Дания - 0:1
Гол: Кристиан Эриксен, 16

Румыния - Қазақстан - 3:1
Голдар: Константин Будеску, 33, 38, (пен), Клаудиу Кешерю, 73 - Бауыржан Тұрысбек, 82

Армения - Польша - 1:6
Голдар: Оганес Амбарцумян, 39 - Камил Гросицки, 2, Роберт Левандовски, 18, 25, 64, Якуб Блащиковски, 58, Рафал Вольски, 89

О. Сансызбай