"Барыс" ойыншысы ҚХЛ-дің қыркүйек айындағы үздік шабуылшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" ойыншысы ҚХЛ-дің қыркүйек айындағы үздік шабуылшысы атанды
Фото ©️ Спортбокс

"Барыс" хоккей клубының ойыншысы Найджел Доус Құрлықтық хоккей лигасының қыркүйек айындағы ең үздік шабуылшысы атанды. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Найджел Доус 15 ойында 15 шайба соқты. 5 рет нәтижелі пас берген. Сондай-ақ 5 рет дубль жасап, 1 рет хет-трик орындаған. Одан өзге хет-трик саны бойынша да ҚХЛ тарихында рекорд орнатты.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Станислав Галимов ("Торпедо") үздік қақпашы атанды. Үздік қорғаушы марапатына СКА ойыншысы Патрик Херсли ие болды. Ал маусымда үздік жаңа ойыншы ретінде "Йокерит" шабуылшысы Эли Толванен танылды.

Айта кетейік, бүгін елордалық ұжым  Нижнекамскіде "Нефтехимикпен" ойнайды. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде "QazSport" арнасы көрсетеді.