Головкин әуесқой бокста өзін жеңген боксшыға көмек қолын созды

О Сансызбай Корреспондент
Головкин әуесқой бокста өзін жеңген боксшыға көмек қолын созды
Фото ©️ vesti.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин Германияның Гифхорн қаласында өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Бұл іс-шара боксшы Эдуад Гуткнехтті қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

БӨЛІСУ

Эдуад Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген санаулы боксшылардың бірі. Неміс былғары қолғап шебері 2005 жылы Германиядағы "Chemie Pokal" турнирінде ұпай саны бойынша жеңіске жеткен. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, әлем чемпионы атануға мүмкіндік алған. Алайда өткен жылы британ Джордж Гроувзға қарсы жекпе-жекте ауыр жарақат алып, миына қан құйылған. Дәрігерлер бірнеше рет ота жасағанмен, боксшының жазылмайтынын айтқан болатын.

29 қыркүйек күні өткен қайырымдылық іс-шарасына 100-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында танымал тұлғалар да бар. Ұйымдастырушылар 50 мың еуро жинаған. Ал оның 25 мыңын Геннадий Головкин берді. Жиналған қаржы спортшының отбасына табысталатын болады.