Месси 4 гол соққан ойында "Барселона" "Эйбарды" ойсырата ұтты

Месси 4 гол соққан ойында "Барселона" "Эйбарды" ойсырата ұтты
Фото: Gursesintour.com

Футболдан Испания ла лигасының V турында "Барселона" "Эйбарды" 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Ойында аргентиналық сұрмерген Лионель Месси 4 гол соқты.

"Камп Ноуда" өткен ойында каталондық клуб қарсыластарына айқын басымдығын танытты. Месси покер жасап, Паулиньо мен Денис Суарес бір-бір голдан соқты. Эйбар сапынан бір голды 57 минутта Серхи Энрика өз еншісіне жазды.

Бесінші ойын қатарынан жеңіске жеткен "Барселона" ла лигада 15 ұпаймен көш бастап келеді. Ал Месси маусым басталысымен чемпионатта 9 гол соғып үлгерді.

Ө. Сансызбай