Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың"

О Сансызбай Корреспондент
Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың"
Фото ©️ tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

"Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің. Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы - өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін:, – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы жекпе-жектеріне табыс тіледі.