Арман Оспанов АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Арман Оспанов АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов Алматыдағы АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық спортшы Тиаго Сильвадан жеңіліп қалды.  

БӨЛІСУ

Бразилиялық спортшы бірден шабуылға ұмтылды. Дегенмен Арман қарсыласының осал тұсын аңдып, бірінші болып жерге жықты. Соққының астына алғанмен, Тиаго Сильва төзімділік танытты. Артынша Арман екі рет қолының ауырту әдісіне түсіп, сытылып шыға білді. Алайда екінші раундта қарсыласының тұншықтыру әдісіне түсіп, жеңіліс тапты.

Арман Оспанов ережесіз жекпе-жекте алғаш рет жеңіліп отыр. Осыған дейінгі 8 кездесуінде де жеңіске жеткен еді.