Головкин әйелі мен ұлының жекпе-жектеріне келмеуін түсіндірді

Головкин әйелі мен ұлының жекпе-жектеріне келмеуін түсіндірді
Фото: Twitter

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин ESPN арнасына берген сұхбатында жұбайы Алина мен ұлы Вадимнің өзі қатысатын бокс кештеріне неге келмейтіні туралы айта кетті.

- Эмоцияға толы, күйзеліске толы бокс кешін тамашалау оңай емес. Ұлым үшін мен жын секілдімін. Егер ол шаршы алаңдағы нағыз шайқасты көрер болса... оған қатты әсер етуі мүмкін. Ол Санта-Моникада тұрады. Хоккей мен теннисті жақсы көреді. Тамағы тоқ, теңіз жағасында тұрып жатыр. Ол менен өзгешелеу, - деді боксшы.

Осыған дейін Гена L'Equipe басылымына берген сұхбатында жұбайының жүкті екенін де айта кеткен болатын.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Ө. Сансызбай