ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев - күміс жүлдегер!

ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев - күміс жүлдегер!
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияның Гамбург қаласындағы әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы болып шаршы алаңға шыққан ауыр салмақтағы боксшылар финалында отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовке жеңілді. 

Жекпе-жекте әзірбайжандық боксшы тәжірибелі екенін байқатты. Бірінші раундта Қамшыбектің қабағынан алған жарақаты да кедергі болғаны анық. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен Магомедрасулды жеңімпаз ретінде таныды. Әзірбайжандық боксшы үшінші рет әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Ө. Сансызбай