ӘЧ-2017. Әбілхан Аманқұл - күміс жүлдегер!

ӘЧ-2017. Әбілхан Аманқұл - күміс жүлдегер!
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл күміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз украиналық боксшы Александр Хижнякқа жол беріп алды. 

Үш раунд бойы шабуылда жұдырықтасқан Александрдың бұл жекпе-жекте мысы басым болды. Қорғаныста жүріп жұдырықтасқан Әбілхан қарсыласынан айласын асыра алмады. Төрешілер 5:0 есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды. 

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ширек финалда әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті, жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңген болатын. 

Ө. Сансызбай