Жомарт Ержан - әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Жомарт Ержан - әлем чемпионатының қола жүлдегері!
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанды. Отандасымыз жартылай финалда Куба елінің боксшысы Йоаннас Аргилагосқа жол беріп алды.

Бостандық аралының 20 жастағы жас таланты бокс әлемінде танылып үлгерген спортшылардың бірі. 18 жасында әлем чемпионы атанған. Өткен жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген.

Жомарт Ержан әлем чемпионатына алғаш рет қатысты. Жеңіл салмақта Біржан Жақыповтан кейін жүлде алған екінші боксшымыз атанып отыр.

Ө. Сансызбай