Ольга Рыпакова Бирмингемдегі "Гауһар лига" жарысында 3-орын алды

Ольга Рыпакова Бирмингемдегі "Гауһар лига" жарысында 3-орын алды
Фото: vko-athletics.kz

Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Гауһар лига жарысының Бирмингемдегі кезеңінде үшінші орын алды. Отандасымыздың үздік көрсеткіші 14,29 метр болды.

Бирмингемдегі додада колумбиялық спортшы Катрин Ибаргуэн бірінші орын алды. Ол Ольгадан 22 см-ге ұзақ қарғыды. Екінші орын ямайкалық спортшы Кимберли Уильямсқа (14,44 м) бұйырды.

Гауһар лига кезеңдерінің қорытындысы бойынша Ольга Рыпакова 20 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында Катрин Ибаргуэн (31 ұпай), екінші сатыда Кимберли Уильямс (24 ұпай) тұр.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова жақында ғана лондонда өткен әлем чемпионатында да қола медальға қол жеткізген еді. Ол кезде отандасымыз маусымдағы үздік көрсеткішін бағындырып, 14,77 метрге секірген болатын.

Ө. Сансызбай