"Реал" "Барселонаны" қарымта ойында да ұтты

"Реал" "Барселонаны" қарымта ойында да ұтты
Фото: صوت الأمة

Мадридтің "Реал" футбол клубы Испания Суперкубогын иеленді. Команда басты қарсыласы саналатын "Барселонаны" қарымта ойында да ұтты.

Түнде өткен қарымта кездесуде Зиннедин Зидан шәкірттері каталондық клубтан 2:0 есебімен басым түсті. Ойынның 4 минутында Марко Асенсио есеп ашса, 39 минутта Карим Бензема "Реалдың" екінші голын соқты.

Екінші таймда Лионель Месси мен Луис Суаресте гол соғуға мүмкіндік болған. Бірақ "Барселона" ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Қос ойын қорытындысы бойынша корольдік клуб 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Испания Суперкубогын иеленді.

Қос команда арасындағы қарымта ойынға Криштиану Роналду мен Андрес Иньеста қатысқан жоқ. Мадридтік клубтың шабуылшысы өткен ойында алаңнан қуылғанына байланысты алдағы 5 ойынға қатыспайды. Ал Иньеста жарақат алып қалған.

"Реал Мадрид" - "Барселона" 2:0 (2:0)
Голдар
: Асенсио 4, Бензема 39.

Ескерту: Суарес 89, Масхерано 90+3
"Реал Мадрид": Навас, Варан, Марсело, Карвахаль, Рамос, Кроос (Себальос 80), Ковачич (Каземиро 62), Асенсио (Тео Эрнандес 75), Модрич, Васкес, Бензема.
"Барселона": тер Штеген, Пике (Семеду 50), Умтити, Альба (Динь 78), Маскерано, Ракитич, Роберто, Гомеш (Деулофеу 72), Бускетс, Месси, Л.Суарес.
Төрешілер: Хосе Мартинес, Рауль Мартинес және Хосе Гарсия.
17 тамыз. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу"

Ө. Сансызбай