Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Реал" "Барселонаны" Камп Ноуда ұтты

"Реал" "Барселонаны" Камп Ноуда ұтты

Испания Суперкубогының бірінші ойынында "Реал" Камп Ноуда "Барселонадан" басым түсті. Тартысқа толы өткен ойында 3:1 есебімен Зиннедин Зидан шәкірттері жеңіске бастар жолды таба білді.

Ойын алдында каталондық клуб фаворит саналған. Дегенмен 66 ойын қатарынан гол соғып келе жатқан корольдік клуб бұл ойынға зор дайындықпен келгенін байқатты.

Эль-класиконың бірінші таймында командалар гол соға алмады. Голдың барлығы екінші таймда соғылды. Алғаш болып 50 минутта Жерар Пике Марселоның айып алаңына асырған пасын сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соқты. 77 минутта бас төреші Рикардо Бургос Луис Суареске қарсы ойын ережесі бұзылды деп есептеп, пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Лионель Месси мүлт кеткен жоқ. Дегенмен араға 3 минут сала "Реал" қайта есепте алға шықты. Роналду Пикеден сытылып шығып, допты дәл бағыттады. Доп Марк Андре тер Штеген қорғаған қақпаның торында тулады.

82 минутта Криштиану Роналду ойындағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Португалдық шабуылшы ойынға екінші таймда қосылған еді.

"Барселона" 10 ойыншымен қалған "Реалды" қыспаққа ала түсті. Әйтсе де қарымта шабуылға иек артқан мадридтік команданың мысы басым болды. Негізгі уақыт аяқталар тұста Лукастан тамаша пас алған Марко Асенсио "Реалдың" ойындағы үшінші голын соқты.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 17 тамыз күні "Сантьяго Бернабеуде" өтеді. 

"Барселона" - "Реал" 1:3

Голдар: Лионель Месси 77 (пен.) - Пике 50 (авт.), Криштиану Роналду 80, Марко Асенсио 90

"Барселона": Марк-Андре тер Штеген, Херард Пике, Иван Ракитич (Пако Алькасер 83), Серхио Бускетс, Андрес Иньеста (Серхи Роберто 68), Луис Суарес, Лионель Месси, Херард Деулофеу (Денис Суарес 59), Хорди Альба, Алейкс Видаль, Самуэль Юмтити

"Реал": Кейлор Навас, Даниэль Карвахаль, Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Тони Кроос, Карим Бензема (Криштиану Роналду 58), Гарет Бэйл (Лукас Васкес 81), Марсело, Карлос Каземиро, Иско, Матео Ковачич (Марко Асенсио 68)

Ескертулер: Херард Пике 27, Лионель Месси 40, Серхио Бускетс 57 - Карлос Каземиро 20, Даниэль Карвахаль 41, Гарет Бэйл 41, Кейлор Навас 76, Криштиану Роналду 80, Криштиану Роналду 82

Алаңнан қуылды: Криштиану Роналду 82

Фото: vk.com
Қосылған күні: 14 тамыз 2017, 09:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.