"Қайрат" Көкшетауда "Оқжетпесті" ұтты

"Қайрат" Көкшетауда "Оқжетпесті" ұтты
Фото: vk.com (Оқжетпес ФК)

Футболдан ел премьер-лигасының ХХІІІ тур ойындарында "Оқжетпес" пен "Қайрат" кездесіп, алматылық команда 3 ұпайға ие болды.

Көкшетауда өткен ойында "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голды 33 минутта Жерар Гоу соқты. Бұл - ивуарлық шабуылшының алматылық команда сапындағы 90-шы голы болды. Енді бір гол соғар болса, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанатын болады.

Екінші тайм басында "Оқжетпес" командасы сапынан Әлібек Бөлешов есепті теңестіргенмен, қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын аңғарып, голды есепке алмады.

50 ұпай жинаған "Қайрат" көш басындағы "Астанадан" 7 ұпайға қалып келеді.

Ө. Сансызбай