"Реал" УЕФА Суперкубогын екінші жыл қатарынан ұтып алды

О Сансызбай Корреспондент
"Реал" УЕФА Суперкубогын екінші жыл қатарынан ұтып алды
Фото ©️ vk.com

Мадридтің "Реал" футбол клубы екінші жыл қатарынан УЕФА Суперкубогын ұтып алды. Македония елінің астанасы Скопьеде өткен ойында "корольдік клуб" ағылшындық "Манчестер Юнайтедтен" 2:1 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Ойындағы есепті 24 минутта "Реал" сапынан Каземиро ашты. Ол Дани Карвахальдың асырған пасын сәтті пайдаланып, Давид де Хеадан айласын асырып кетті. 52 минутта Иско мен Бэйл бір-бірін тамаша түсінісіп, "МЮ" қақпасында екінші рет допты тулатты.

62 минутта қызыл сойқандар есепті қысқартты. Неманья Матичтің тепкен добын Кейлор Навас қайтарғанмен, Ромелу Лукакудың қайта тепкен добын тоқтатып үлгере алмады. Нәтижесінде 2:1 есебі сақталып, "Реал" екінші жыл қатарынан УЕФА Суперкубогын ұтып алды.

Мадридтік команда УЕФА Суперкубогын өз тарихында төртінші рет ұтып алды. "Манчестер Юнайтед" соңғы үш финалында да (1999, 2008 және 2017) қарсыластарына есе жіберуде.

Айта кетейік, өткен маусымда "Реал" – Чемпиондар лигасын, "Манчестер Юнайтед" – Еуропа лигасын ұтып алған еді.

УЕФА Суперкубогын ең көп ұтқан командалар:

1-2. "Барселона" (Испания) – 5 рет ұтқан (1992, 1997, 2009, 2011, 2015)

1-2. "Милан" (Италия) – 5 рет ұтқан (1989, 1990, 1994, 2003, 2007)

3. "Реал" (Испания) – 4 рет ұтқан (2002, 2014, 2016, 2017)

4-5. "Ливерпуль" (Англия) – 3 рет ұтқан (1977, 2001, 2005)

4-5. "Аякс" (Нидерланд) – 3 рет ұтқан (1972, 1973, 1995)

6-9. "Андерлехт" (Бельгия) – 2 рет ұтқан (1976, 1978)

6-9. "Валенсия" (Испания) – 2 рет ұтқан (1980, 2004)

6-9. "Ювентус" (Италия) – 2 рет ұтқан (1984, 1996)

6-9. "Атлетико Мадрид" (Испания) – 2 рет ұтқан (2010, 2012)