Германия құрамасы Конфедерация кубогын ұтып алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Германия құрамасы Конфедерация кубогын ұтып алды (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан Ресейде ұйымдастырылған Конфедерация кубогы өз мәресінежетті. Өз құрлықтарында үздік шыққан ұлттық құрамалар арасындағы бәсекеде неміс футболшыларының бағы жанды.

БӨЛІСУ

Финалда Германия мен Чили құрамалары кездесті. Аса тартысқа толы өткен ойында Йоахим Лев шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды Ларс Штиндль соқты. Марсело Диастың қателігі чилиліктерді сан соқтырды.

Ойын соңына дейін командалар бір-бірінің қақпасына толассыз шабуылдар жасағанмен, нәтижені өзгерте алған жоқ.

Конфедерация кубогының қорытындысы бойынша Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Юлиан Дракслер үздік ойыншы атанды. Үздік сұрмерген атағын да неміс футболшысы Тимо Вернер иеленді. Ол жарыста 3 гол соқты. Өзге 3 гол соққан ойыншылардан пас еру көрсеткіші бойынша озық шықты. Үздік қақпашы марапатына чилилік қақпашы Клаудио Браво ие болды.

Айта кетейік, Конфедерация кубогын Германия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет ұтып алды.