
Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 14 шілде күні АҚШ-та спорттық мансабындағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы – америкалық Джеремайя Уиггинс.
БӨЛІСУ

35 жастағы америкалық осыған дейін кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, 6-да жеңіске жеткен.
Боксшылар арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов осыған дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Оның біреуін уақытынан бұрын аяқтады.