Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысқаны мәлім болды

О Сансызбай Корреспондент
Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысқаны мәлім болды
Фото ©️ khabar.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-тың The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен ресми келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Ақпан айында Иван Дычко Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге аустралиялық промоутер Майк Алтамурамен келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой боксқа өтпек болған. Алайда келісім компания кінәсінен тоқтатылған еді. Кейіннен боксшының кәсіпқой боксқа ауысуы белгісіз болып қалған-ды.

The Heavyweight Factory (Ауыр салмақ фабрикасы) АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Компанияның "Facebook" желісіндегі парақшасында орналастырылған ақпаратқа қарағанда, бұл ұйым 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ресми сайттың "бос орындар" бөлімінде ауыр салмақтағы боксшыларды қажет екені жазылған. Үміткерлер 18 бен 26 жас аралығында, салмақтары 200 фунт және одан жоғары болу керек. Бұрынғы спортшылар - бейсболшылар, баскетболшылар және америкалық футболдың бұрынғы ойыншыларының өтініші де қабылданады екен. Үміткерлерге бокстан әлем чемпионы атануға көмек көрсетілетіні айтылған.

Айта кетейік, Иван Дычко 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.