Джейкобс Головкин – Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Джейкобс Головкин – Альварес жекпе-жегіне болжам жасады
Фото: Allboxing

Соңғы жекпе-жегін Геннадий Головкинге қарсы өткізген америкалық боксшы Дэниель Джейкобс Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес  кездесуіне өз болжамын жасады. Бұл туралы Boxingnews24.com жазды.

- GGG мен Канело арасындағы жекпе-жекте кім жеңгені маңызды емес. Мен Головкин жеңеді деп ойлаймын. Себебі ол қарсыласына қарағанда бойшаң әрі ірі. Екеуінің жекпе-жегінде жеңіске жеткенімен жұдырықтасқым келеді, - деді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Отандасымыз орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайтын болады. Ал осы кездесудің андеркартында Дэниель Джейкобс та жұдырықтасуы мүмкін. 

Ө. Сансызбай