"Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
"Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізеді
Фото ©️ Қайрат ФК

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші кезеңіндегі "Широки Бриег" (Босния) командасына қарсы кездесуді Алматының Орталық стадионында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Алматыда өтетіні туралы клуб президенті Бақтияр Байсейітов айтқан. Команданың Шымкенттегі алаңы (Қ.Мұңайтпасов стадионы) УЕФА лицензиясын алмаған. Сондықтан халықаралық ойындарды өткізуге рұқсаты жоқ.

Алматының "Қайрат" футбол клубы да бірінші ойынды өз алаңынан бастайтынын ескерер болсақ, командалар алаңға қашан шығатынын алдағы уақытта шешетін болады.

Айта кетейік, "Ордабасы" 2012 жылы да Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізген еді.