Серік Сапиев әскер қатарына қосылған жаңа сарбаздарға сәт-сапар тіледі

Серік Сапиев әскер қатарына қосылған жаңа сарбаздарға сәт-сапар тіледі

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен бүгін «Отан қорғаушылар» алаңында «Астана жастары мен армия бірге» акциясының аясында әскерге шақырылушылар күні өтті

Әскер сапына жаңа шақыртылғандарды бұл күні ата-аналары мен туған-туыстары,  Ұлы Отан соғысы және Қарулы күштер ардагерлері, сонымен қатар мерзімді қызметін өтеген жерлестері құттықтады.

Шара біткен соң, ҚР Қарулы күштері астаналық бөлімінің десантшы жауынгерлері қоян-қолтық төбелес үлгілерін көрсетті. Бұдан соң әскер қатарына шақырылғандар мен қонақтар «Армия жастар көзімен» атты көрмеге барып, атқыштар қару-жарағын, барлық күш құрылымдарының киім үлгілерін өз көздерімен көрді. Шара әскерилендірілген «Жас Сарбаз» турнирімен аяқталды.

"Өзім үшін әскер - бұл нағыз өмір мектебі, адамның спорттық рухын көтеретін орта. Негізі, менің спорттық жолым әскер қатарынан басталды. Әлі есімде, сарбаз болып жүрген кезде, сан алуан жарыстарға қатыстым. Оның арқасында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама ұтып алғаным бар. Менің спорттағы жетістіктерім міне, осыдан басталды", - дейді С.Сәпиев.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: bnews.kz

У. ҚОСАНБАЙ