"Реал" мен "Ювентус" Кардиффке жол тартты

"Реал" мен "Ювентус" Кардиффке жол тартты
Фото: vk.com

Сенбі күні түнде Мадридтік "Реалы" мен Туриннің "Ювентус" футбол клубтары Чемпиондар лигасының финалында кездеседі. Командалар бүгін Кардиффке аттанды.

Финалдық ойынға қатысуға "корольдік клуб" сапында 25 футболшы тіркелген. Олардың қатарында бас жаттықтырушы Зиннедин Зиданның ұлы Энцо Зидан да бар. Сондай-ақ жарақатынан айыққан Даниэль Карвахаль да негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін.


Қақпашылар: Кейлор Навас, Кико Касилья, Рубен Янес.

Қорғаушылар: Даниэль Карвахаль, Пепе, Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Начо, Марсело, Фабиу Коэнтрау, Данило.

Жартылай қорғаушылар: Тони Кроос, Хамес Родригес, Каземиро, Матео Ковачич, Лука Модрич, Марко Асенсио, Иско, Энцо Зидан.

Шабуылшылар: Криштиану Роналду, Карим Бензема, Гарет Бэйл, Лукас Васкес, Мариано, Альваро Мората.

"Реал" командасы финалда жеңіске жетер болса, әр ойыншысы 1,5 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. Жаттықтырушылары мен қызметкерлеріне 32 миллион еуро үлестірілетін болады.

Мадридтік клуб ойыншылары өткен жылы 700 мың еуро көлемінде сыйақы алған болатын. Биыл команда Чемпиондар лигасы тарихында екі жыл қатарынан чемпион болған команда атанғысы келеді.

"Ювентус" футболшылары финалда жеңіске жетер болса, 350 мың еуро көлемінде сыйақыдан алады.

Ө. Сансызбай