GGG мен Канело 16 қыркүйекте жұдырықтасады

GGG мен Канело 16 қыркүйекте жұдырықтасады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездеседі.

Бұл мәлімет мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің  отандасы Хулио Сезар Чавестпен болған жекпе-жегінен кейін белгілі болды.
Төрешілердің шешімімен 120-108 есебімен жеңімпаз атанған Альварес рингсайдта отырған Головкинмен болатын кездесуінің нақты уақытын жариялады.


Өз кезегінде Головкин  "Канелоны" жеңісімен құттықтады, сондай-ақ, жанкүйерлеріне нағыз мексикалық жекпе-жек (Big Drama Show) көрсететінін жеткізді.
HBO телеканалы қыркүйекте болатын Головкин мен "Канело" арасындағы бокстың алғашқы тизерін ұсынып үлгерді.

А. Оралқызы