• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады
Фото: facebook.com

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне жаттығу жұмыстарын бастады. Қарсыласы 10 күннен кейін белгілі болмақ.

- Қанат Ислам жаттығуын бастады. 10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде! – деп «facebook» желісіндегі парақшасы хабарлады.

Сондай-ақ Қанат Исламның лақап атының жазылуы өзгерген. Енді ағылшынша "QAZAQ" деп жазылады. Осыған дейін "Kazakh" деп жазылып келген еді. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget