Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек аяқталды. 12 раундтық шайқас қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Бірінші раундты қос боксшы барлаумен бастады. Жанкүйерлердің "Triple G" деген қолдауы құлақ тұндырды. Гена бірінші нөмірмен шабуылдауға ұмтылды. Джейкобс жақын қашықтықта жұдырықтасуға сескенумен болды. Бір-бірінің аңдысын күтті. 

Қос боксшы да шаршы алаңда сақ қимылдауға тырысты. Әсіресе, америкалық жақын қашықтыққа келгенде Генаны қапсыра құшақтап алумен болды. 

Төртінші раундта Геннадий Головкин қарсыласының осал тұсын дәл тауып, бір құлатып алды. Төреші жекпе-жектегі есепті ашты. Осы бір сәттен кейін Джейкобс шабуылға шығуға талпынғанымен, нәтиже шықпады. Есесіне Генаның ширақ шабуылдарына қарсы келумен ғана шектелді. 

Алтыншы раундта америкалық боксшы қауқар жинап, шабуылға шығумен болды. Генаға бірнеше соққысын өткізе де білді. Жетінші және сегізінші раундтарға қарай Джейкобстың да шабуылы жиілей түсті. Жылдамдығын дер кезінде пайдалана білумен де ерекшелене бастады. 

Тоғызыншы раунд соңына қарай Геннадий қарсыласына соққыларын дәл дарытып, басымдығын танытып шықты. Одан кейінгі раундтарда қос боксшының да шаршағаны байқалды. GGG шабуылда жүріп, Джейкобс қарымта шабуылда сәтті жұдырықтасты. 

12 раундтық шайқас қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Роман Гонсалес 12 раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша тай боксшысы Висаксил Вангикке ұтылып, жеңіл салмақтағы "WBC" чемпиондық белбеуінен айырылды. Висаксил Вангик - жаңа чемпион!

Головкин шаршы алаңға шығуға дайындалып жатыр. Ал, сәттілік батыр! Роман Гонсалес пен Висаксил Вангик жекпе-жегі де тартысты өтуде. Никарагуалық боксшы спорттық мансабында алғаш рет нокдаун алды. Тай боксшысының кеуде тұсынан ұрған соққысы өтіп, Роман бір аунап тұрды. 

Карлос Куадра Давид Кармонаны ұтты. Гена мен Даниэлдың жекпе-жекке шығуына бір ғана кездесу қалды. Дәл қазір Роман Гонсалес пен Висаксил Вангик жұдырықтасады. Екінші аса жеңіл салмақта "WBC" чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Қазақ жанкүйерлері Генаға барынша қолдау білдіруге дайын

Геннадий Головкин жекпе-жек алдындағы соңғы жаттығуларын жасап, киіну бөлмесінде денесін қыздыруда.

Райан Мартин (17-0, 10 КО) Брайант Крусты (17-1, 8 КО) сегізінші раундта жеңіп шықты. Дәл қазір шаршы алаңда Карлос Куадра (35-1-1, 27 КО) пен Давид Кармона (20-3-5, 8 КО) жұдырықтасуда. Тікелей эфирде "Қазақстан" мен "KazSport" арналары көрсетуде.

Қазақстандық жанкүйерлер отандасымыз Геннадий Головкиннің жекпе-жегін асыға күтіп отырғаны анық. АҚШ-тағы бокс кешінің тікелей транслияциясы "Қазақстан" мен "KazSport" арналарында Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады. GGG сағат 9-дан аса шаршы алаңға көтерілетін болады.

Геннадий бокс кеші өтетін "Madison Square Garden" спорт кешеніне келді. (Фото "GGG" вк парақшасынан)

Ирландиялық боксшы Энди Ли америкалық Кеандре Лезервудты төрешілер шешімі бойынша жеңіп шықты. Келесі жекпе-жектер PPV (ақылы түрде) жүйесі бойынша әлемге өз көрсетілімін тарататын болады.

Генаның киім ауыстыратын бөлмесі! Қазақы ою-өрнектегі шапан, Ту мен чемпиондық белбеулер көз жауын алады.

Алға, GGG! Алға, Қазақстан! "Madison Square Garden" спорт кешеніндегі қазақ жанкүйерлері!

Дәл қазір "Madison Square Garden" спорт кешені жанкүйерлерге толуда.

Андеркарттағы екінші жекпе-жекте Мэт Маккини төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазір шаршы алаңға Энди Ли мен Кеандре Лезервуд шығады.

Андеркартта жекпе-жекке шығатын боксшылар!

2) 05:45-те, Джей Макфарлейн (2-0, 2 КО) — Мэтт Маккинни (3-2-2, 1 КО) 
3) 06:15-те, Энди Ли (34-3-1, 24 KO) — Кеандре Лезервуд (19-3-1, 12 КО) 

HBO PPV 

4) 07:00-де, Райан Мартин (17-0, 10 КО) — Брайант Крус (17-1, 8 КО), жеңіл салмақта WBC америкалық белбеуі сарапқа салынады. 
5) 07:50-де, Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) — Давид Кармона (20-3-5, 8 КО) 
6) 08:40-та, Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) — Висаксил Вангик (41-4-1, 38 КО), екінші аса жеңіл салмақта "WBC" чемпиондық белбеуі үшін

Абель Санчестің (GGG бапкері) шәкірті Сергей Богачук (2-0, 2 КО) кубалық Ясман Педросоны (1-1, 1 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты. 

Гена мен Джейкобс жекпе-жегінің андеркартындағы боксшылар кездесуі басталды. Жанкүйерлер толық жиналып үлгерген жоқ.

Спорт кешенінде Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың суреттері бейнеленген, сондай-ақ "GGG" брендіндегі киімдер мен естеліктер заттар сатылуда. Сатып алушылардың кезегі де көп.

Бүгінгі бокс кеші өтетін "Madison Square Garden" спорт кешеніне 20 мыңнан аса жанкүйер сыяды.

Әлем жұртшылығы тамашалайтын бокс кешін комментаторлар шаршы алаң түбінен жүргізеді. 

Ал мынау жекпе-жектің төрешілері отыратын орындар

Шаршы алаңның соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жанкүйерлердің кешенге кіріп, орындарына жайғасуына әлі рұқсат етілген жоқ.

Міне, спорт кешені "big drama show" кешін өткізуге дайын.

Генаны қолдауға келген қазақ жанкүйерлерінің қарасы көп. 

Дәл қазір бокс кеші өтетін "Madison square garden" спорт кешеніне жанкүйерлер жинала бастады. 

АҚШ-тан арнайы хабарды журналист Жолдас Өрісбай жолдайды.

Қайырлы түн, қазақ елі! 4 сағаттан кейін Нью-Йоркте жанкүйер қауым асыға күткен бокс кеші басталады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады. Ал біз арнайы репортажымызды бастаймыз.

9894 1
Рейтинг: +3

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 19 наурыз, 03:19
Тегтер: Golovkin vs Jacobs, boxing, online,
Пікірлер
+0
19 наурыз, 07:44

Alga, GGG! Tek jenis kytemin! Jeikobsti jenip, miktiligindi alemge tagy bir dalelde!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...