Жанат Жақиянов «IBO» чемпиондық атағынан айырылды

Жанат Жақиянов «IBO» чемпиондық атағынан айырылды
Фото: vk.com (ZZ)

Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанат Жақиянов Халықаралық бокс ұйымының (IBO) чемпиондық белбеуінен қол үзді. Бұл туралы vesti.kz сайтының қазақ бөлімі хабарлады.

Іboboxing.com порталындағы мәлімет бойынша жеңіл салмақтағы бұл ұжымның чемпионы атағы қазір бос тұр. Ал boxrec.com порталының мәліметі бойынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан кері қайтарған. 

Чемпиондық атақты кері қайтарып алудың басты себебі, отандасымыздың «IBO» ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаның төлемеуі себеп болыпты. Бәлкім, боксшы мен менеджерлері бұл чемпиондық атақтан өздері бас тартқан болуы да мүмкін.  

Айта кетейік, ақпан айында Жанат Жақиянов АҚШ-та Роушен Уорренді жеңіп, жеңіл салмақта «WBA» және «IBO» чемпиондық белбеулерін жеңіп алған еді. Енді отандасымыздың еншісінде «WBA» жүйесіндегі чемпиондық атақ қана қалды.

Ө. Сансызбай