Ислам Бозбаев Бакуде алтын алды

О Сансызбай Корреспондент
Ислам Бозбаев Бакуде алтын алды
Фото ©️ ippon.org

Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Бакуде өткен Үлкен дулыға санатындағы халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының барлығын жеңді.

БӨЛІСУ

Ислам Бозбаев бірінші айналымда Әзірбайжан спортшысы Аслан Мырзаевты иппонмен, екінші белдесуінде нидерланд Ван Тенд Ноелді жеңді. Жартылай финалда Турал Сафгулиевті ұтты. Финалдық кездесуде Әзірбайжан дзюдошысы Мехдиев Маммадалимен беледесті. Белдесу барысында екі ескерту алған отандасымыз татамидегі тартыс аяқталғанша екі вазари ұпайын иелене білді. Нәтижесінде 90 келіге дейінгі салмақта жарыс жеңімпазы атанды.

25 жастағы қазақ дзюдошысы 2013 жылы оқ тиіп, жарақат алған болатын. Кейіннен спорттағы жолын жалғастыра білді. 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадан шеттетілген еді. Екіжылдық үзілістен кейін спортшы Бакуде топ жарып отыр. Дзюдошы осы жеңісі арқылы IJF рейтингінде 93-орыннан 15-орынға көтерілді.

Бакудегі жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 14 дзюдошы қатысты. Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) мен Альбина Амангелдиева (78 келі) бесінші орын алды.

Жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы бір алтынмен 31 ел ішінде 8-ші орын алды.