Алина Райкова - Универсиада чемпионы!

О Сансызбай Корреспондент
Алина Райкова - Универсиада чемпионы!
Фото ©️ vk.com

Сүйінші! Қазақстан құрамасының қоржыны 1 алтын 1 күміс 1 қола медальмен толықты. Биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында Алина Райкова Универсиада чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

Алина Райкова 59:48.7 минут нәтижесімен үздік нәтиже көрсетті. Күміс медаль да қазақстандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырды. Қола медальды украиналық биатлоншы Надилла Велькина жеңіп алды. Сондай-ақ жарысты сәтті бастаған қазақстандық биатлоншылар Дарья Усанова мен Елизавета Вельченко 4 және 5-орындарды өзара бөлісті.

"Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өткен жарыста ауа-райы байланысты спортшылар көп қателікке де бой алдырды. Десе қазақстандық биатлоншы қыздар барын салып, жеңіс тұғырынан көріне білді. 

1. Алина Райкова (Қазақстан) — 59:48.7 (0+1+1+0)
2. Галина Вишневская Қазақстан) — +2:21.1 (1+3+0+0)
3. Надежда Белкина (Украина) — +2:23.6 (1+2+0+2)
4. Дарья Усанова (Қазақстан) — +2:55.5 (1+1+0+3)
5. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +3:10.5 (0+2+0+2)

Конькимен жүгіру спорты бойынша 1500 шақырымдық қашықтықта Екатерина Айдова Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл сында ресейлік Александра Качуркина 2:06.20 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алса, жапон қызы Нана Таканаши (2:06.35) екінші орын алды. 

Айта кетейік, Алина Райкова – Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы жеңімпаз. Қазіргі таңда отандастарымыз 1 алтын 2 күміс 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орынға көтерілді.