Универсиада – 2017. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Универсиада – 2017. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Фото: nflg.kz

Шаңғы спорты бойынша 5 шақырымдық әйелдер арасындағы сында отандасымыз Анна Шевченко қола жүлдегер атанды. Бұл - Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль.

5 шақырымға созылған жекелей сында ресейлік Лилия Васильева жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медаль да ресейлік спортшыға бұйырды. Оны Анна Нечаевская жеңіп алды.

Сондай-ақ биіктіктен паралельді кедергілер арқылы түсу спорты бойынша әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталып үлгерді.  Бұл жарыста да ресейлік спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Елена Якошина жарыс жеңімпазы атанды. Күміс фин спортшысы Неа Луукоға бұйырса, қоланы жапон Аса Андо жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Екатерина Карпова көрсетті. Ол 28-орын алды. 

Ө. Сансызбай