Головкин жазда Сондерспен Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Головкин жазда Сондерспен Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін
Фото ©️ sportfile.com.ua

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Арнаның мәліметінше, олардың жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен. 

- Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді, - делінген "Boxing Legends TV" арнасының парақшасында.

Айта кетейік, GGG қазірде Билли Джо Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Даниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.