AIBA боксшылардың ұпайын есептеудегі ережелерге түзету енгізді

О Сансызбай Корреспондент
AIBA боксшылардың ұпайын есептеудегі ережелерге түзету енгізді
Фото ©️ AIBA

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) боксшылардың ұпайын есептеуде ережелерге түзету енгізді. Бұл өзгертулер 2017 жылдан бастап күшіне енетін болады.

БӨЛІСУ

Боксшылардың ұпайын есептеуге өзгерту енгізу жайлы мәселе Рио Олимпиадасынан кейін көтерілген еді. Әсіресе отандасымыз Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жектен кейін төрешілердің шешімі үлкен дау тудырған-ды. Нәтижесінде AIBA Олимпиада аяқталмай, 36 төрешіні жарыстан ерте қайтарған еді.

Ұпай есептеудің жаңа ережелері Санкт-Петербургте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында сынақтан өткізілді. Қорытындысында оң бағаға ие болды.

Жаңа ереже бойынша боксшылардың нәтижесі әр раунд бойынша жарияланбайды. Соңында бірақ жарияланады. Ал шаршы алаңның төрт бұрышында төрт төреші отырады. Сондай-ақ, бір маман электронды ұпай көрсеткішін бақылауда қызмет жасайды. Бесеуі біріге жеңімпазды анықтайтын болады.