«Қайрат» УЕФА кубогының финалдық кезеңіне шықты

«Қайрат» УЕФА кубогының финалдық кезеңіне шықты
Фото: vesti.kz

«Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының Алматыдағы элиталық кезеңіндегі үш ойында да жеңіске жетіп, «үздік төрттіктің» финалына шықты.

Алматылық клуб УЕФА кубогының соңғы кезеңін сәтті өткізді. Топтағы бірінші ойындар Италияның «Реал Риета» клубын 3:2 есебімен ұтса, кейінгі екі ойында айқын басымдықтарын танытты. Косовоның «Феникс» клубын 6:0 есебімен, Латвияның «Никарс» командасын 4:1 есебімен ойсырата ұтты.

Еуропаның ең үздік клубтары бақ сынайтын «төрттік финалы» сәуір айында өтетін болады.

«Никарс» (Латвия) — «Қайрат» (Қазақстан) 1:4 (0:4)

Голдар: Игор 1 (0:1), Диваней 4 (0:2). Диваней 7 (0:3), Диваней 11 (0:4), Нето 35 (1:4)
«Никарс»: Астраханцев, Пастарс, Архипов-Прокофьев, Колесников, Матюшенко — Шкестерс-Камбалс, Алексеев, Дацко, Забаровский К., Сень, Эвертон, Аванесов, Вандерсон, Забаровский Д.
«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре Мораес, Дуглас, Диваней — Диего Ронкальо, Упалев, Нето, Тайеби, Сүлейменов, Дрот, Нургожин, Барон, Есенаманов
Төрешілер: Марк Биркетт (Англия), Камил Четин (Турция), Петар Мантев (Македония)
27 қараша. Алматы. «Алматы Арена». 

Ө. Сансызбай