Қазақ шорт-трегіндегі тарихи жеңіс (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ шорт-трегіндегі тарихи жеңіс (видео)
Фото ©️ getty images

Қазақ шорт-трекшісі Абзал Әжіғалиев АҚШ-тың Солт-Лэйк Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде 500 метрге жүгіруде жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл - Қазақстанның шорт-трек спортынан әлемдік сында иеленген алғашқы алтыны.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшыға канадалық Самуэль Джирард пен Чарлс Хамелин, қытайлық Хан Тянь қарсылас атанды. Финалдық кезеңдегі сында қос канадалық алға озды. Алайда соңғы сәттерде «үйеңкі жапырақты» елдің спортшылары шалынып құлап, мәреге Абзал бірінші жетті. Қытайлық шорт-трекші күміс медальды иеленді.

Бұдан бөлек Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстафетада қола медаль иеленді.