Роналду «Реалмен» келісімшартын ұзартты

О Сансызбай Корреспондент
Роналду «Реалмен» келісімшартын ұзартты
Фото ©️ realmadrid.com

Мадридтік «Реалдың» үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналду клубпен келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы «корольдік клубтың» ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Португалдық ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың орта тұсына дейін еді. Бүгін қол қойылған жаңа келісімшарт бойынша футболшы мадридтік клубтағы мансабын 2021 жылдың жазына дейін жалғастырады. Бұл кезде Роналду 36 жаста болады. Сондықтан да ойыншының мансабын «Реалда» аяқтауы шындыққа жанасымды.

- Спорттық мансабымда осындай биік белеске жетуіме себепкер болған клуб президенті мен команда ұжымына ерекше алғысымды білдіремін. Мен үшін бүгін - ерекше күн. Бұл клуб – менің жүрегім. Бұл соңғы келісімшарт та емес. Себебі мен осында ұзақ жылдар бойы қалғым келеді. Осы команданың жейдесінде әлі талай жетістіктерді бағындырғым келеді, - деді Роналду.

Айта кетейік, Криштиану Роналду «Реал» сапына 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысып келген еді. Одан бергі аралықта ойынша команда сапында 360 ойынға қатысып, 371 гол соқты.