Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 4 команда шығып үлгерді

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 4 команда шығып үлгерді
Фото: eurosport.ru

Футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойындар өтуде. Түнде өткен «А», «В», «С» және «D» топтарындағы ойындар қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне 4 команда шығып үлгерді.

«А» тобы

Бұл топта айқын фаворит саналған командалар өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Топтағы төрт ойыннан кейін Лондонның «Арсеналы» мен Париждің «ПСЖ» клубтары плей-оффқа жолдама алды. Ал «Базель» мен «Лудогорец» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға таласатын болады. Себебі «Арсенал» мен «ПСЖ» қарсыластарынан 9 ұпайға озып кетті.

«Лудогорец» (Болгария) - «Арсенал» (Англия) – 2:3

Голдар: Кафу, 12, Касеру, 15 – Джака, 15, Жиру, 42, Озил, 88

«Базель» (Швейцария) - ПСЖ (Франция) – 1:2

Голдар: Зуфи, 76 - Матюиди, 43, Мунье, 90

Ойыннан қуылды – Ди, 84 («Базель»)

«В» тобы

Бұл топта жағдай әлі күрделі. «Наполи», «Бенфика» мен «Бешикташтың» мүмкіндіктері жоғары. Алғашқы екі клубта 7 ұпайдан болса, түркиялық ұжымда 6 ұпай бар. Ал төрт ойын қорытындысы бойынша 1 ұпай ғана алған киевтік «Динамо» көш соңында келеді.

«Бенфика» (Португалия) - «Динамо» (Киев, Украина) – 1:0

Гол: Сальвио, 45+2 (пен) 

Пенальти орындай алмады – Жуниор Мораес, 68 («Динамо»)

«Бешикташ» (Түркия) – «Наполи» (Италия) – 1:1

Голдар: Куарежма, 79 (пен) – Гамшик, 82

«С» тобы

Бұл топтағы фавориттер – «Барселона» мен «Манчестер Сити». Дегенмен менхенгладбахтық «Боруссия» да топтан шығу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ. Плей-оффқа шығатын клубтар келесі турда анықталып қалатыны анық. Ал «Боруссия М» мен «Селтик» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығу үшін талас жүргізетін секілді.

«Манчестер Сити» (Англия) - «Барселона» (Испания) – 3:1

Голдар: Гюндоган, 39, 74, Де Брюйне, 51 – Месси, 21

«Боруссия» (Менхенгладбах, Германия) - «Селтик» (Шотландия) – 1:1

Голдар: Штиндль, 32 – Дембеле, 76 (пен)

Алаңнан қуылды – Корб, 75 («Боруссия»)

«D» тобы

Төрт ойыннан кейін топтан шыққан командалар «D» тобында белгілі болды. Мадридтік «Атлетико» мен мюнхендік «Бавария» 1/8 финалға шығып үлгерді. Ал «ПСВ» (Нидерланд) мен «Ростов» (Ресей) топтан шығу мүмкіндігін жоғалтты. Еуропа лигасына қатысу үшін ұпайға талас жүргізетін болады.

«Атлетико» (Испания) - «Ростов» (Ресей) – 2:1

Голдар: Гризманн, 28, 90+4 – Азмун, 30 

ПСВ (Нидерланд) - «Бавария» (Германия) – 1:2

Голдар: Ариас, 14 – Левандовски, 34 (пен), 74

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойындар бүгін қайта жалғасын табады. «Е», «F», «G» және «H» топтарындағы командалар жарыс жолына шығады.

Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «Боруссия Д» - «Спортинг» ойынын тікелей эфирде (01:45) тамашалай алады. Сондай-ақ арна сағат түнгі 03:45-те «Тоттенхэм» мен «Байер» арасындағы кездесудің қайталауын ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«Е» тобы

«Монако» (Франция) - ЦСКА (Ресей)
«Тоттенхэм» (Англия) - «Байер» (Германия)

«F» тобы

«Легия» (Польша) - «Реал» (Испания)
«Боруссия» (Дортмунд, Германия) - «Спортинг» (Португалия)

«G» тобы

«Копенгаген» (Дания) - «Лестер» (Англия)
«Порту» (Португалия) - «Брюгге» (Бельгия)

«H» тобы

«Севилья» (Испания) - «Динамо» (Загреб, Хорватия)
«Ювентус» (Италия) - «Лион» (Франция)

Ө. Сансызбай