Жұман Жұмабеков беларусь боксшысын бірінші раундта-ақ жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Жұман Жұмабеков беларусь боксшысын бірінші раундта-ақ жеңді

Алматыда кәсіпқой бокс кеші басталды. "Алматы Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың бірінші кездесуінде отандасымыз Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты бірінші раундта-ақ жеңіп шықты. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшы бірден шабуылға шығып, қарсыласын соққының астына алды. Владимир қорғанып баққанмен, бірінші раунд соңына дейін шыдай алмады. Нәтижесінде бас төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Жұман Жұмабеков кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп отыр. Осыған дейін ММА додаларына қатысқан. Азияның екі дүркін жеңімпазы. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері.