Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін алады

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола медалін алады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

69 келіге дейінгі салмақта додаға қатысқан қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 5-орын алған болатын. Бүгін белгілі болғандай, бұл салмақта қола және 4-орын алған беларусь ауыр атлеттері Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг қолданғаны үшін нәтижелері есептен шығарылды. Нәтижесінде отандасымыз қола жүлдегер атанатын болады.

Айта кетейік, осыған дейін жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған болатын.

Осыған дейін Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада медальдарын кері қайтаратын болған еді. Сондай-ақ, кеше балуан Теймураз Тигиевтің допинг қолдануына байланысты Бейжің Олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айырған еді.

Алдағы уақытта ХОК қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасоваға қатысты шешімін шығаратын болады.