Чиншанло, Манеза мен Подобедова Олимпиада чемпионы атағын қайтарады

Чиншанло, Манеза мен Подобедова Олимпиада чемпионы атағын қайтарады
Фото: Kazday

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подоведованы чемпиондық атағынан айырды. Бұл туралы ресми сайтында хабарлады.

Қазақстандық ауыр атлеттердің қан сынамаларын қайта қарау кезінде допинг қолданғаны анықталып отыр. ХОК спортшылардың Олимпиададағы жетістіктерін жоққа шығарып, Қазақстан Олимпиада комитетінен спортшылардың жылдам аралықта жүлделерін қайтаруын талап еткен.

Айта кетейік, кеше балуан Теймураз Тигиевтің допинг қолдануына байланысты Бейжің Олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айырған еді.

Алдағы уақытта ХОК қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасоваға қатысты шешімін шығаратын болады.

Ө. Сансызбай