ХОК қазақстандық ауыр атлеттердің жүлделерін кері қайтарып алмақ

ХОК қазақстандық ауыр атлеттердің жүлделерін кері қайтарып алмақ
Фото: massaget.kz

Халықаралық Олимпиада қауымдастығы (ХОК) 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында допинг қолданды деп таныған қазақстандық ауыр атлеттердің жүлделерін келесі аптада кері қайтаруға шешім қабылдайды. Бұл туралы forbes.kz сайтына сілтеме жасаған vesti.kz хабарлады.

Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығының бас хатшысы Омар Мұстафиннің айтуы бойынша, ХОК спортшылардың жүлделеріне қатысты өз шешімін келесі аптада жариялайтын болады.

- 2008 және 2012 жылғы Олимпиада қатысушыларының қан сынамалары қайта қаралуда. Қазақстандық бірнеше Олимпиада жүлдегерлері медальдарынан айырылады. ХОК ресми шешімін келесі аптада жариялайтын болады, - деді.  

Айта кетейік, осыған дейін екі Олимпиадада допинг қолданғандар қатарында қазақстандық 8 ауыр атлеттің бар болғаны анықталған еді. Атап айтар болсақ, Ирина Некрасова, Мария Грабобецкая, Мая Манеза, Владимир Седов, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Алмас Өтешов. ХОК бұл спортшыларды жарыстардан шеттеткенмен, Олимпиададағы жүлделеріне қатысты шешімін шығармаған еді. 

Ө. Сансызбай