Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада  Румыния құрамасымен тең ойнады. Командалар 0:0 есебімен тарқасты.

БӨЛІСУ

Ойынның бірінші таймында командалар бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанмен, таблодағы нәтижеге өзгеріс енген жоқ. 26 минутта Румыния құрамасының капитаны Драгош Григоре жарақат алып, кездесуді ерте аяқтады.

Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы сәтті ойнай білді. Черногорияға қарсы ойындағыдай қателіктерге бой алдырған жоқ. Шабуылда ширақ қимылдап, қонақтарды ойында тықсыра да білді. Дегенмен кездесу аяқталар тұстағы Румыния құрамасының шабуылы қауіпті шықты. Қақпашы Стас Покатилов шеберлік танытып, қақпасын голдан құтқарып қала білді.

Румыниямен тең ойнаған Қазақстан құрамасы топтағы екінші ұпайына қол жеткізді. Осыған дейін Польшамен тең ойнап, Черногорияға есе жіберіп алған болатын.

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық құрама келесі ойынын 11 қараша күні Копенгагенде Дания құрамасына қарсы өткізеді.    

Қазақстан — Румыния 0:0 

Ескертулер: Шомко 36, Куат 80
Қазақстан: Покатилов, Малый, Қуат (Тағыберген 86), Ахметов, Смақов, Мұжықов, Байжанов (Нұрғалиев 66), Шомко, Хижниченко (Мұртазаев 82), Бейсебеков, Логвиненко
Румыния: Тэтэрушану, Бензар, Хобан, Тошка, Кипчу (Энаке 46), Попа (Андоне 84), Марин, Станку, Григоре (Моци 26), Сэпунару, Станчу
Бас төреші: Мануэл де Соуза (Португалия)
11 қазан. Астана. «Астана Арена».