Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаға ұтылды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаға ұтылды
Фото: vesti.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбиядағы әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. Отандастарымыз топтағы бірінші ойында Аргентина құрамасына жол берді.

Какау жаттықтыратын қазақстандық футзалшылар қарсыластарына ірі есеппен есе жіберген жоқ. Бірінші тайм аяқталар тұста Аламиро Валоракидің соққан голы аргентиналықтарға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, топта Қазақстан құрамасының Коста-Рика мен Соломон аралдарына қарсы өткізетін екі ойыны бар. Екі құрама арасындағы бірінші ойында коста-рикалықтар 4:2 есебімен жеңіске жетіп, топта бірінші орынға шықты.

Ө. Сансызбай