Манчестерлік дербиде Жозенің командасы жеңілді (видео)

Манчестерлік дербиде Жозенің командасы жеңілді (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ағылшын премьер-лигасының IV турында манчестерлік клубтар «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» кездесті. Аса тартысқа толы өткен ойында Хосеп Гвардиола жаттықтыратын клуб жеңіске жетті.

«Олд Траффордта» өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Ойындағы үш гол да бірінші таймда соғылды. 15 минутта Кевин де Брюйне «Манчестер Ситиді» алға шығарса, 36 минутта Ихеаначо команданың екінші голын соқты.

«Қызыл сойқандар» сапынан бір голды бірінші тайм аяқталар тұста Златан Ибрагимович өз еншісіне жазды. Ойында аса қауіпті сәттер мен ширақ шабуылдар көп болғанмен, бірінші таймдағы нәтиже өзгерген жоқ. Нәтижесінде Жозе Моуринью ағылшын премьер-лигасында жаңа командасымен алғаш рет жеңіліс тапты. 

Ө. Сансызбай