Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады (видео)

Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады (видео)

Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады (видео)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастады. Отандастарымыз Астанада Польша құрамасымен тең ойнап, алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Бірінші таймды Польша құрамасы аса сәтті өткізіп, есепте екі доп басымдығымен алға шықты. 9 минутта Қазақстан құрамасының қорғаушылары қателікке бой алдырып, бұл сәтті Бартош Капустка голға айналдырып кетті. 35 минутта айып алаңында Елдос Ахметов Роберт Левандовскийге қарсы ереже бұзып, бас төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы пенальтиден мүлт кетпеді.

Роберт Левандовскийдің қазақстандық футболшыларға қарсы дөрекі ойыны

Екінші гол соғылғаннан кейін қазақстандық футболшылардың шабуылы ширай түсті. Алғашқы 45 минут аяқталғанша отандастарымыздың есепті қысқартуына да мүмкіндік болған. Ұлттық құрама капитаны Бауыржан Исламхан поляк қорғаушыларын алдап өтіп, қақпашы Лукаш Фабианскиймен бетпе-бет шыққан. Өкінішке орай, алматылық «Қайратта» ойнайтын футболшы мергендігімен көзге түсе алмады. Сондай-ақ Исламбек Қуаттың баспен бағыттаған соққысы да қонақтар қақпасына айтарлықтай қауіп төндірді. Одан өзге Аркадиуш Миликтің екі соққысы қақпа бағанынан қайтты.

Екінші таймды Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы ширақ бастады. 51 минутта Сергей Хижниченко өзіне асырылған допты сәтті тоқтатып, есепті қысқартты. Ұлттық құраманың әлем чемпионаты іріктеуіндегі алғашқы голын соқты. Шабуылын үдеткен Қазақстан құрамасы араға 8 минут сала таразы басын теңестіре білді. Мақсат Байжановтың асырған добын Сергей Хижниченко қарсыластар қақпасына тоғытты. Нәтижесінде таразы басы теңесті.

Есеп теңескеннен кейін Қазақстан құрамасы қорғанысқа ден қойып, Польша құрамасы шабуылға ұмтыла түсті. Отандастарымыз сәтті қорғанып, есепті сақтап қалды. Сақтап қалып қана қоймай, жеңіске жетуіне де мүмкіндік болды. Дегенмен 2:2 есебі сақталып, құрамалар бір-бір ұпайдан бөлісті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Польша, Дания, Албания, Румыния, Черногориямен бір топта ("Е" тобы) ойнайды. Әр топтың жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған құрама қосымша іріктеу жарысына қатысады.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 8 қазан күні сырт алаңда Черногория құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан — Польша 2:2 (0:2) 

Голдар: Капустка 9 (0:1), Левандовски пенальтиден 45 (0:2), Хижниченко 51 (1:2), Хижниченко 58 (2:2)
Ескертулер: Малый 19, Ахметов 43, Байжанов 56, Хижниченко 70, исламхан 74 — Левандовски 18, Зелиньски 28, Пищек 53, Глик 73
Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицын, Қуат, Ахметов (Абдулин 61), Исламхан (Тағыберген 79), Мұжықов, Байжанов (Нұрғалиев 69), Шомко, Хижниченко, Бейсебеков
Польша: Фабьяньски, Милик, Левандовски, Крыховяк, Рыбус, Глик, Блащиковски, Саламон, Зелиньски, Пищек, Капустка (Линетты 83)
Бас төреші: Сердар Гэзюбююк (Нидерланды)
4 қыркүйек. Астана. «Астана Арена». 

Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2016, 00:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.