Ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаевқа Қытайда ота жасалады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаевқа Қытайда ота жасалады (видео)
Фото ©️ vesti.kz, facebook.com

Қытай құрамасымен өткен ойында ауыр жарақат алған қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевқа Далянь қаласындағы ауруханада ота жасалатын болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов айтты.

БӨЛІСУ

Ұлан Қонысбаевтың Қытай ойыншысы Жань Ханмен болған ойындағы қақтығыс кезінде алған жарақаты ауыр екені айтпаса да түсінікті.

Алдағы бірнеше айда командасына («Атырау») көмектесе алмайтыны айдан анық. Ал аспан асты елінің футболшысы ойыннан кейін кешірім сұрады. Мұндай жағдай орын аларын күтпесе керек-ті.

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Ұланның жағдайы бақылауда екенін айтып, футболшының ата-анасына алғыс білдірді. Бұл туралы төмендегі видеодан толық көре аласыздар.

Айта кетейік, аспан асты елінің Далянь қаласында өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 68 минутта Азат Нұрғалиев соқты.