Чемпиондар лигасында «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін 12 клуб белгілі

Чемпиондар лигасында «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін 12 клуб белгілі
Фото: vk.com

2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасын «Астана» футбол клубы екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қазақстандық клуб бұл маусымдағы жеребеде еленген (сеяные) топта болады.

Жеребе тастау рәсімі 20 маусым күні өтеді. Елордалық клубқа екінші іріктеу кезеңінде қарсылас атануы мүмкін 12 клуб белгілі. Ал қалған 4 клуб бірінші іріктеу кезеңінен кейін белгілі болады.

Екінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін 12 клуб:

- «Олимпия» (Словения)
- «Дюделанж» (Люксембург)
- «Ференцварош» (Венгрия)
- «Вардар» (Македония),
- «Дандалк» (Ирландия)
- «СЖК» (Финляндия)
- «Норчёпинг» (Швеция)
- «Крузадерс» (Солтүстік Ирландия)
- «Зрински» (Босния және Герцеговина)
- «Младост» (Черногория)
- «Жальгирис» (Литва)
- «Хапоэль» (Беер-Шэва, Израиль)
+ бірінші іріктеуден өткен 4 клуб

Бірінші іріктеу кезеңі:

Еленген топ: ТНС (Уэльс), "Флора" (Эстония), "Валлетта" (Мальта), "Санта Колома" (Андорра), "Торсхавн" (Фарерские острова).
 
"Әлсіз" топ: "Линкольн" (Гибралтар), "Алашкерт" (Армения), "Лиепая" (Латвия), "Феронкели" (Косово), Сан-Марино елінің чемпионы.

2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі 28-29 маусымда, қарымта ойындары 5-6 шілде күндері өтеді. Ал екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 12-13 шілдеде, қарымта ойындары 19-20 шілдеге жоспарланған. 
Ө. Сансызбай