Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Манчестер Юнайтед» Луи ван Галды қызметінен босатты - БАҚ

«Манчестер Юнайтед» Луи ван Галды қызметінен босатты - БАҚ

«Манчестер Юнайтед» Луи ван Галды қызметінен босатты - БАҚ

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубы бас жаттықтырушы Луи ван Галды қызметінен босатты. Бұл туралы «Sky Sports» басылымы хабарлауда.

«Қызыл сойқандар» нидерландылық маманның қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған жоқ. Дегенмен бірер сағаттан кейін команда басшылығы арнайы пресс-конференция өткізеді. Сол кезде бұл ақпарат нақтыланатын болады.

Ағылшындық «The Daily Mail» басылымы болса Луи ван Галдың қызметінен кеткенін клубтың вице-президенті Эд Вудвордтың айтқанын хабарлап отыр. Команда ертең Жозе Моуриньюге үшжылдық келісімшарт ұсынбақ екен.

Жозе Моуриньюдің манкуниандық клуб тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпараттар сәуір айынан бері айтылып келеді. Сондай-ақ жазғы ауысым кезінде Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтед» қатарын толықтыруы мүмкін. Ол командада ойыншы-бапкер қызметін атқаруы мүмкін деген де ақпараттар айтылуда.

Луи ван Гал «қызыл сойқандардың» тізгінін 2014 жылы ұстаған болатын. Одан бергі аралықта ірі жетістіктерді бағындыра алған жоқ. Алғашқы маусымында команда премьер-лигада төртінші орын алса, бұл маусымда бесінші орын алып Чемпиондар лигасына шыға алмай қалды.

Нидерландылық маман жақында ғана алғашқы жүлдесін жеңді. Англия кубогының финалында «Манчестер Юнайтед» «Кристалл Пэласты» жеңді. Луи ван Галдың бұл жетістігі орнын сақтап қалуға сеп бола алмағандай. Сондай-ақ командадан Райан Гиггз де кетеді деп хабарлануда.

Тағы бір айта кететіні, команда Луи ван Галмен келісімшартты бұзатын болса, жаттықтырушыға 5 миллион фунт стерлинг төлейтін болады. 

Фото: eurosport.ru
Қосылған күні: 23 мамыр 2016, 17:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.