Головкин Уэйдті екінші раундта ұрып құлатты (видео)

Серікбол Ерсін Корреспондент
Головкин Уэйдті екінші раундта ұрып құлатты (видео)
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий  Головкин спорттық мансабындағы 35-ші жеңісіне қол жеткізді. 

БӨЛІСУ

Геннадий Головкин бірінші раундты қарсыласын бақылаумен бастап, қарсыласын қыспаққа ала білді. Аяқталар тұста қарсыласын шүйке тұсынан жойқын соққы жасап, қарсыласын бір тізерлетіп алды. Екінші раундта Доминик Уэйд қазақстандық боксшыға қарсылық таныта алмады. Отандасымыздың ширақ шабылдары мен жойқын соққылары америкалық боксшыны адым аштырмады. Доминик Уэйд екінші раундта екінші рет тізерлеп, кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде бас төреші Джек Рейсс жекпе-жекті тоқтатты.

Геннадий Головкин спорттық мансабында өз атағын 16-рет қорғап қалды. Кездесу соңынан орта салмақта Сауль Алваресті жекпе-жекке шақырды.