«Эль-класикода» «Реал» жеңіске жетті (видео)

«Эль-класикода» «Реал» жеңіске жетті (видео)
Фото: vk.xom

Футболдан Испания ла лигасының ХХХІ турында каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» кездесті. «Камп Ноуда» өткен тартысқа толы ойында «корольдік клуб жеңіске жетті.

«Эль-класико» ойыны алдында Луис Энрике жаттықтыратын «Барселона» айқын фаворит саналған болатын. Алайда Зиннедин Зидан шәкірттері «блаугранаға» қарсы ойында бар мүмкіндіктерін пайдаланды. 56 минутта Жерар Пикенің соққан голына араға 6 минут сала Карим Бензема жауап қайырды. Француз шабуылшысының қайшылай тепкен добы алаң иелері қақпасынан бір-ақ шықты.

83 минутта Серхио Рамос ойындағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Араға 2 минут сала Криштиану Роналду «Реалға» жеңіс сыйлаған голды соқты.

ХХХІ тур қорытындысы бойынша «Барселона» (76 ұпай) мен «Реал» (69 ұпай) арасындағы турнир кестесіндегі алшақтық 7 ұпайға қысқарды. Ал мадридтік «Атлетико» 70 ұпаймен екінші орында келеді. 

Ө. Сансызбай